Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да алтын өндірушілермен кездесу соңы төбелеске ұласқан

Қазір жағдай бақылауға алынды

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2023 | 16:51
ШҚО-да алтын өндірушілермен кездесу соңы төбелеске ұласқан
фото: riavrn.ru

ШҚО Күршім ауданының тұрғындары мен алтын өндіретін компания арасында дау туындады. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Атап айтқанда, 19 шілдеде Маралды ауылдық округіндегі жергілікті әкімдік ғимаратында алтын өндіруге қатысты жоспар тыңдалуы керек болған. Алайда жиналыстың аяғы төбелеске ұласқан.

Еске сала кетсек, одан бұрын да жергілікті тұрғындар алтын өндіретін зауыт құрылысына қарсы екендерін білдірген еді. Себебі кәсіпорында натрий цианид қолданылуы мүмкін деген ақпарат тараған. Тұрғындар зауыт жұмысы мал жайылымдары мен ауылға да қауіп төндіреді деп санайды.

Күршім ауданының әкімдігі қазір жағдай бақылауға алынғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама