Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда 2 жасар баланың мұрнынан тірі құрттар шықты (ВИДЕО)

Бүлдіршіннің ата-анасы дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастағанда ғана барған

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2023 | 14:18
Қарағандыда 2 жасар баланың мұрнынан тірі құрттар шықты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері 2 жасар баланың мұрнынан 10 тірі құртты суырып шығарды.

Ата-анасы бүлдіршіннің мұрын қуысында бөтен дене қанша күннен бері тұрғанын білмеген.

18 шілдеде ата-анасы облыстық балалар клиникалық ауруханасына хабарласып, баланың мұрын қуысында бөтен дененің болуы мүмкін екенін айтқан. Олар 19 шілдеде қайта шақырылып, баланы дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатқызылған. Анасының айтуынша, қыз баланың мұрнында жағымсыз иіс 3-4 күн бұрын пайда болған. Оны әжесі сезген. Бүлдіршіннің ата-анасы дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастағанда ғана барған.

Жедел медицианлық көмек бригадасы аурухананың қабылдау бөліміне 2,6 жасар қызды мұрыннан қан кетумен және мұрнында бөгде дене бар деген күдікпен алып келді. Риноксопия кезінде оң жақ мұрын жолынан бөгде денелер табылды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасы.

Ауруханада дәрігерлер баланың мұрнынан 10 тірі құрт пен губканың бір бөлігін алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың мұрын қуысына механикалық санация жүргізілген. Жалпы анестезиямен мұрын жолдары мен синустарды эндоскопиялық тексеру жоспарлануда. Орофарингеальды фарингоскопияда ерекшелік жоқ. Қазір бала суды жұтып, тамақ іше алады. Дауысы жақсы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама