Көкшетауда 18 жастағы қыз мектеп ауласында асылып қалды

Еркеғали Болатұлы

Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды

фото: 2gis.kz

Көкшетау қаласында мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды.

Ақмола облысының ПД мәліметінше, 20 шілдеде сағат 9:50 шамасында 102 желісіне Әуелбеков көшесідегі №16 орта мектеп аумағында бір қыздың асылып тұрғаны хабарланған.

Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Қазір бұл оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.