Halyq Uni логотип
×

Абай облысындағы кәсіпорындарда 250-ден аса бұзушылық анықталды

Өңірде 50-ден аса нысан тексерілді

 Динара Амантай 20.07.2023 | 15:43
Абай облысындағы кәсіпорындарда 250-ден аса бұзушылық анықталды
Фото: Halyq Uni

Абай облысында 250 қауіпті кәсіпорын бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өңір тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сырым Шәріпханов кәсіпорын өкілдеріне қауіпті өндірістік нысандардағы апаттық деңгейдің жоғары екенін ескере отырып, уақтылы техникалық қайта жарақтандыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды басты назарда ұстауға шақырды.

Бірінші жартыжылдықта өңірдің өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері 50-ден аса нысанды зерттеп, 250-ден аса бұзушылықты анықтады.

Осыған қарамастан, жыл басынан бері облыстың бақылауындағы кәсіпорындарда 2 оқиға тіркелген. Бұл – «Алим Строй Сервис» мұнара краны секциясының құлауы және «ҚазТрансОйл» магистральдық мұнай құбыры байланысының бұзылуы.

Сырым Шәріпханов атап өткендей, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамау, тозған жабдықтарды пайдалану, оларды уақтылы ауыстыру және жаңғырту, сондай-ақ жұмысшыларды қанағаттанарлықсыз даярлау өндірістік апаттар мен оқыс оқиғаларға, кейде құрбандардың болуына әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама