Halyq Uni логотип
×

Суға шомылуға рұқсат етілген орындар жеткіліксіз – министр

Баламалы стационарлық бассейндерді орналастыру мәселесін қарастыру қажет

 Динара Амантай 20.07.2023 | 13:38
Суға шомылуға рұқсат етілген орындар жеткіліксіз – министр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында суға шомылуға рұқсат етілген орындар жеткіліксіз. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханұлы өңір тқрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысындағы су айдындарының басым бөлігі шомылу үшін қауіпсіз емес. Облыс бойынша тек 8 рұқсат етілген орын анықталды. Оның ішінде 4 коммуналдық жағажай – Семей қаласында, Алакөл және Шошқалы көлінде. Әрине, бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін жеткіліксіз, – деді Сырым Шәріпханов.

Осыған байланысты ведомство басшысы шомылу үшін қауіпсіз орындарды ұлғайту, оның ішінде баламалы стационарлық бассейндерді қарастыру қажеттігіне жергілікті атқарушы органдардың назарын аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама