Ауыл тұрғыны көрші қыздың қолы мен аузын байлап, тасаға алып кеткен (ВИДЕО)
Бұл жағдайға Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева түсінік берді
Желіде қыз баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген әйелдің бейнежазбасы тарады. Ол туралы бірнеше видеоны stankznews Telegram арнасы жариялады.
Оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында болған. Баланы қорлаған әйелдің әрекеті желі қолданушыларының шамына тиді. Олар қаскөйді тауып, жазалауды сұрайды.
Бұл көріністі көрген ер адам оларды сыртынан бейнежазбаға жасырын түсіріп алыпты. Көпшілік күдіктіні анасы деп топшылағанмен, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайға түсінік беріп, әйелдің көрші екенін айтты.
Бала табылды, ата-анасының жанында. Балаға қол көтерген әйел сол үйдің көршісі екен. Әйелдің орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, – деді Динара Закиева.