Halyq Uni логотип
×

Тағы бір шу шықты: өгей әке қыз баланы қорлап келген (ВИДЕО)

Азғындық көрген қыз анасының бұл жағдайдан хабардар екенін айтып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2023 | 16:30
Тағы бір шу шықты: өгей әке қыз баланы қорлап келген (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында қыз баланы зорлауға қатысты тағы бір оқиға анықталды.

Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, Төлеби ауданында жасөспірім өзін өгей әкесі 3 жыл бойы зорлап, ашық фото-видеолармен сес көрсетіп келгені туралы айтты. Ол осы уақытқа дейін өгей әкесінің зорлап, қорлап келгенін айтуға қорққанын жасырмады. Бұл жағдайдың бәрін 14 жастағы қыз енді ғана айтуға шешім қабылдапты. Жасөспірім полицияға болған жағдайдың бәрін айтқаннан кейін 49 жастағы күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынды. Қазір оны полиция тергеп жатыр. 

Жәбірленушінің айтуынша, өгей әкесі оны небәрі 11 жасынан зорлай бастаған. Содан бері ер адам мұнымен тоқтамай, бірнеше рет зорлық жасаған. 49 жастағы күдікті жасөспірімді ашық фото-видеолармен де қорқытқан көрінеді.

Ол айтқанымды тыңдамасаң, істемесең, барлық видео мен суреттерді интернетке жүктеймін деді. Ол менің сіңлілеріме де қол тигізгенін, оларға көз салғанын айтты, – деді жәбірленуші.

Жасөспірім қыз өгей әкесінен кезекті рет зорланғаннан кейін шетелде жұмыс істейтін әкесіне қоңырау шалыпты. Сөйтіп, қыздың жақындары оны алып кеткен. 14 жастағы қыз тек содан кейін ғана 3 жыл бойы қандай сұмдық жағдайда өмір сүргенін айтып берген. Туыстарының айтуынша, оның туған анасы барлық жағдайды білген екен. Бірақ ешкімге ештеңе айтпаған. Тіпті, полицияға арыз жазбаған.

Жасөспірімнің әпкесі Сайера Әлімбекованың айтуынша, қыздың өгей әкесі оны аптасына 3 рет зорлап тұрған.

Бұл – адам емес, педофил. Қыздың өзі анасының хабардар екенін айтты. Үш жыл бойы анасы білген. Соны ешкімге айтпаған, – деді ол.

Қыздың жақындары жәбірленушінің отбасында тағы 4 бала бар екенін, оның үшеуі қыз екенін айтты. Полицияға арыз жазғандар да жасөспірімінің осы туыстары.

Қыздың туыстары тергеудің ашық түрде  болуын және ер адамды қатаң жазаға тартуды талап етіп жатыр.  Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама