Алматыда жаттықтырушыны атып кетті

Динара Амантай

Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр

Фото: Halyq Uni

Алматыда фитнес жаттықтырушысы оқ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыда 19 шілдеге қараған түні «Fitness Blitz» клубының фитнес-жаттықтырушысы Дамир Туребаевтың өз пәтерінен өлі табылғаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ оның мас болғаны анықталды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиғаға қатысты Наурызбай аудандық ПБ-да қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаттықтырушы мен оның танысының арасында жанжал болған.