×

Павлодар түрмесіндегі жазасын өтеуші 12 сәуірден бері аштық жариялап отыр

Сотталушы аузын, көзі мен құлағын тігіп тастаған

 Данияр Айтпайұлы 02.05.2022 | 01:46
скриншот: видео

Павлодардағы колониядағы жазасын өтеп жатқан ер адам аузын, көзі мен құлағын тігіп, аштық жариялады. Ол ел президентіне жасаған видеоүндеуінде 12 сәуірден бері тамақ ішпегенін айтып, колониядағы қызметкерлердің үстінен шағымданған.

Өзін Тустам Сагитов деп таныстырған жазасын өтеуші үндеуінде қылмыстық іс бойынша өтініштерін қажет инстанцияға жібермеген колония қызметкерлерінің аты-жөнін тізіп шыққан.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тексереді жазасын өтеушіге қатысты деректі тексеретінін мәлімдеді. Ол бұрын екі рет сотталған екен. Қазір бір топ адамның сөз байласуы арқылы дәрменсіз адамды тонау және өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылып, Павлодар қаласындағы қауіпсіздігі барынша жоғары АП-162 /4 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Жазаны өтеу кезеңінде үш жаза бар. Биыл сәуірде бұрын салынған жазамен келіспеуіне байланысты дене мүшесін зақымдаған, - деп жауап берді ведомстводағылар.

Ер адам бұған дейін де соттың шешімімен келіспей, бірнеше рет өзін зақымдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама