Павлодар облысында 800-ден аса адамның қос азаматтығы болған

Динара Амантай

Ресейлік азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

Фото: Halyq Uni

Қазір Павлодар облыстық ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері өңірдің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Биыл Павлодар облысында 819 азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. 49-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды десек, оның 8-і Қазақстан Республикасынан шығарылды, – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шәбиденов.

Мәселен, Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің көші-қон полицейлері 45 жастағы ер адамның Ресей Федерациясының азаматы бола тұрып, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алмағаны туралы фактіні анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалып, құжат шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.