Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында өзен жағасындағы баланы құтырған түлкі тістеп алған

Ауылда 21 күндік карантин жарияланды

 Еркеғали Болатұлы 18.07.2023 | 14:28
Ақтөбе облысында өзен жағасындағы баланы құтырған түлкі тістеп алған
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталып отыр. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы мәлімдеді.

4 шілдеде Қобды ауданының Жарық ауылындағы өзен жағасында, ата-анасының көз алдында баланы тістеп алған түлкі өлтіріліп, басы ветеринарлық зертхана сараптамасына жіберілген. Кейін ауылда 21 күндік карантин жарияланды.

Түлкі тістеп алған 4 жасар бала Қобды аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Оның маңдайында, мұрнында жаралар, аяқтарында сызаттар болған.

Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Жаралар емделіп, тігілді, бала құтырмаға қарсы екпе алды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Ветеринария бөлімі түлкінің құтыру ауруына тексерілгенін айтты. Оқиғаға қатысты сараптама нәтижесі 17 шілдеде белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама