Halyq Uni логотип
×

Каспий теңізінде 100-ден астам браконьер ұсталды

Оларға 2,6 млн теңге айыппұл салынды

 Қымбат Елтайқызы 02.05.2022 | 00:05
Каспий теңізінде 100-ден астам браконьер ұсталды
фото: шекара қызметі

ҰҚК шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды аяқтады. 

2022 жылғы 30 сәуірде Қазақстанның мемлекеттік органдары (ІІМ, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) мен Ресей ФҚҚ шекара қызметі браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін тәмамдады. Рейдтік шаралар барысында шекара кеңістігінде 109 заң бұзушы, 52 түрлі жүзу құралы құрықталды, – дейді шекара қызметі.

Заң бұзушыларға 2,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы ұзындығы 300 шақырымнан астам браконьерлік аулау құралы тәркіленді.

«575 бекіре тұқымдас балық, 4 803 ұсақ тұқымды балық, сондай-ақ 43 итбалық табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Шекара қызметінің іс-қимылдары нәтижесінде бір млрд теңгеден астам сома залалдың алды алынды», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама