Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр

 Динара Амантай 18.07.2023 | 11:29
Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы қамауға алынды
Фото: Halyq Uni

АШМ Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, қазір департамент басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама