Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты үкім шықты

Заңсыз аударылған ақша мемлекетке толық көлемде қайтарылды

 Динара Амантай 17.07.2023 | 16:37
Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты үкім шықты
Фото: Жамбыл обл. прокуратураның баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК бас есепшісінің 7 миллион теңге жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК қызметіне бюджет қаражатын жұмсау мәселесіне талдау жүргізді. Талдау барысында кәсіпорынның бас есепшісінің төлем тапсырмаларымен КМК-ның 7 млн теңге көлеміндегі  бюджет қаражатын өзінің карточкалық шоттарына аударғаны анықталды. Бұл ретте өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларының бағанына тауарлар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер ретіндегі төлемнің мақсатын көрсеткен.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық істі тіркеп, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін тапсырды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Аудандық соттың 23 маусымдағы үкімімен кәсіпорынның бас есепшісі қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық және өзге де ұйымдарда 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза бар.

Үкім заңды күшіне енді. Заңсыз аударылған ақша мемлекетке толық көлемде қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама