Қызылорда облысында деструктивті діни ағым өкілі қамауға алынды

Динара Амантай

Тергеп-тексеру барысында оның қылмысы толығымен дәлелденді

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында полицейлер деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Шымкент – Самара тасжолының 492-шақырымында Алматыдан Атырау қаласына бағыт алған Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында көлік жүргізушісінен салмағы 212,92 грамм марихуана тәркіледі. Қосымша тексеру барысында ұсталған азаматтың деструктивті діни ағым жақтаушысы, Атырау облысының тұрғыны екені анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру барысында оның қылмысы толығымен дәлелденді. Сырдария аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 мың 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар аталған азамат ҚР ӘҚБтК 612-бабының 3-бөлігімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.