Маңғыстауда жол апатынан алты айда 60-қа жуық адам қаза тапты
Өңірде жыл басынан бері 200-ден аса жол-көлік оқиғалары болған
Маңғыстау облысының прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың жай-күйінің нәтижелері қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үйлестіру кеңесіне құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Облыс прокуроры Руфат Құттықов отырысты аша отырып, өзекті мәселелердің бірі ретінде өңірдегі жолдарда апаттылықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Жолдардағы өлім саны бойынша облыс республика бойынша 4-ші орында. Тек, осы жылдың 6 айында облыста 209 жол-көлік оқиғалары болып, 235 адам жарақат алған, сондай-ақ 59 адам қаза тапты.
Ең проблемалы және ұзын учаскелер – «Ақтау-Бейнеу-Атырау» және «Актау-Жетыбай-Жаңаөзен» автожолдары. болып табылады. Бұл учаскелердегі өлімнің жоғары болуына трафиктің тығыздығы мен жүргізушілерді жауапсыздықтары ықпал етеді. ЖКО 95%-дан астамы осы жүргізушілердің кінәсінен болады. Көбінесе жол жүру ережелері қасақана бұзылады.
Аппаттардың тағы бір проблемасы – қараусыз қалған жануарлар. Өкінішке қарай, мұндай жануарлардың иелерін анықтау мүмкін емес. Олардың көбі тіркелмеген, ветеринарлық шаралар дұрыс деңгейде ұйымдастырылмаған. Барлық аталған мәселелер жүйелік шешімдерді қажет етеді.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру және қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар берілді.