Абай облысында 60 мың гектарға тараған өрт сөндірілді

Динара Амантай

Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді

Фото: Halyq Uni

«Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша, бүгін сағат 13:00-де Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өртенген учаскенің ауданы – 60 мың гектар. Жұмылдырылған күштер мен құралдар өртті 14 маусымда сағат 21:00-де оқшаулаған болатын.

Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрті станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды. Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді.

Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшауланғаны хабарланатынын атап өткен жөн.

Бұл ретте, өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.