Құтқарушылар балаларға суда жүзуді тегін үйретіп жатыр
Көпбалалы отбасылардың балаларына жеңілдік қарастырылған
Шомылу маусымында жазатайым оқиға болмас үшін Шымкент қаласының ТЖД қызметкерлері балаларға суда жүзуді тегін үйретіп жатыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Қаладағы аквапарк иелерімен ынтымақтастық туралы 13 меморандумға қол қойылды. Соның нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары жүзуді тегін үйрене алатын болды.
Шымкенттегі «Фонтан» аквапаркінде құтқарушы-сүңгуірлер Талғат Тұрғынбаев пен Тоймұрат Қауымбаев 10-нан аса балаға суда жүзуді үйретті.