Ол өмір бойына басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды
Павлодар қаласы сотының үкімімен 5 шілдеде «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 млн теңге көлемінде пара алған.
Сотталған адамға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.