Halyq Uni логотип
×

Министр АИТВ жұқтырған алматылық науқастармен кездесе алмайды

Былтыр Қазақстанда АИТВ жұқтырған 4 мың науқас тіркелген

 Дәурен Ерболат 12.07.2023 | 10:33
Министр АИТВ жұқтырған алматылық науқастармен кездесе алмайды
Ажар Ғиният, фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы қаласындағы АИТВ жұқтырған орталық клиникалық ауруханадағы науқастарға қатысты құрылған арнайы комиссия келесі аптада жұмысын қорытындылайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдымен, комиссия жұмысын бітірсін. Алдын ала нәтижесін білуіміз маңызды. Олар анықтаманы толық бітіріп, ресми түрде әкімдік пен министрлікке ұсынады, - деді Ажар Ғиният.

Министр АИТВ жұқтырған клиникадағы науқастармен кездеспегенін жеткізді.

«Медициналық құпия туралы заң бар. Мұндай науқастармен кездескісі келетіндердің өзі де кездесе алмайды. Себебі құқығы жоқ. Заң мұндай науқастарды (құқығын) қорғайды. Сондықтан қазір барлық жұмыс комиссия аясында жүріп жатыр», - деді ведомство басшысы.

Ведомство басшысы қауіпті вирусты кім жұқтырғанын да біле алмайтынын атап өтті.

Медициналық құпия бар. Тек пациенттердің келісімімен білуге болады. Ал олар мұны қалап отырған жоқ, - деді министр.

Еске салайық, 14 маусымда Алматы қаласындағы орталық клиникалық ауруханадағы үш науқастың АИТВ жұқтырғаны анықтағлды.

Жалпы, ведомствоның мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда АИТВ жұқтырған 4 мың науқас, 2021 жылы қауіпті инфекция жұқтырған 3,5 мың науқас тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама