Halyq Uni логотип
×

Ақылы вакцина: Қазақстанда Pfizer құны 50 мың теңге болады деген ақпарат тарады

Емханадағылар желіде тараған хабарды жоққа шығарды

 Ербол Тұрымбет 09.12.2021 | 11:59
Ақылы вакцина: Қазақстанда Pfizer құны 50 мың теңге болады деген ақпарат тарады
Фото: facebook/Алматы қаласының 4 Қалалық емханасы

Әлеуметтік желіде Алматыдағы 4 қалалық емханада Pfizer вакцинасы ақылы түрде 50 мың теңгеден салынып жатқаны жайлы хабарлама тарады. Алайда, емхана өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Қазір 4 қалалық емханада Pfizer вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізілуде. Вакцина құны әлі белгісіз. Емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ, – деп хабарлады мекемедегілер.

Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатыны туралы пікір білдіріп, Қазақстанда ақылы болатын вакцинаның құнына қатысты компаниямен келісіп жатқанын мәлімдеді. Қазір Қазақстан бойынша Pfizer вакцинасын қанша адам ақылы түрде алғысы келетіні зерттеліп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер сияқты санатқа жатпайтын азаматтар Pfizer ақылы түрде ала алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама