Ертіс-Қарағанды су құбырының тозығы жеткен
Теміртауда құбыр тозғандықтан, тұрғындарға салқын су тек кесте бойынша берілетін болды.
Бұл ретте «Оқжетпес-Т» ЖШС-ның өкілдері Теміртауда су тапшылығына байланысты, қалада су беру кемінде 4 күнге шектелетінін алға тартып отыр.
Құбырдың тозуына байланысты Ертіс-Қарағанды су құбыры бойынша су көлемінің жеткіліксіздігіне, сондай-ақ салқын суды тұтыну шығынының ұлғаюына байланысты «Оқжетпес-Т» ЖШС суды кесте бойынша беруге мәжбүр, - делінген хабарламада.
Сонымен, пәтерлерге су енді 6:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін беріледі. Әзірге бұл шектеу шілденің 11, 12, 13, 14-іне енгізіліп отыр.