Ақтөбеде 16 шетелдік ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған
Олар Қазақстан арқылы Ресейге өтуді жоспарлаған
Ақтөбеде 16 шетелдік азамат ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 7 шілдеде Ақтөбе облысы ПД ҰҚКД Шекара қызметімен бірлескен іс-шаралар өткізу кезінде облыс аумағында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Үндістанның 16 азаматын анықтаған. Олар Қазақстан арқылы Ресейге өтуді жоспарлаған. Аталған шетелдіктер шағын транзиттік автобуспен Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері арқылы келе жатқан.
Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ел заңнамасының бұзылуын болдырмауға уақтылы мүмкіндік туды. Профилактикалық әңгімелесуден кейін шетелдіктер әрі қарай өз елдеріне қайтару үшін бақылаумен Алматыға қарай жіберілді.