Жамбыл облысында 2 бала суға батып кетті

Динара Амантай

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 18:00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шыққан. Ересектердің қарауынсыз қалған балалардың ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ведомство өкілдері ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін үйретуге кеңес береді.