Атыраудағы балалар үйіндегі жағдай: екі тәрбиеші қол көтерген, орталықта бөтен ересек адам болған
Жақында балалар үйінің директорлығына байқау жарияланады
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Атырау қаласындағы «Шаңырақ» балалар үйіндегі балалармен кездесті. Омбудсменнің бастамасымен балалар арасында аноним түрде сауалнама жүргізіліп, әрқайсымен әңгімелесіп, бейнекамера жазбалары зерттелді.
Нәтижесінде келесі жағдайлар анықталды: екі тәрбиешінің қол көтеруі, балалар ас үйде өткізетін уақыттың басым бөлігін ана-тәрбиешінің қатысуынсыз өткізген, кейбір тәрбиеленуші балалардың арасындағы конфликтілер, үйде бөтен ересек адамның болуы, бейнекамералар жазбаларының сақталуы мен мерзімі.
Осыған байланысты тексеру және одан әрі шаралар қабылдауы үшін облыс әкімінің орынбасарына ақпарат бердім, енді Бас прокуратураға жіберемін.
Жалпы балалар әңгімеге өте ашық екен, маған кім болғысы келетіні жайлы айтып берді, көкейінде жүрген уайымдарымен бөлісті. Нөмірімді жазып алып, хат алмасып тұратындарын айтты, - деп жазды уәкіл.
Уәкілдің айтуынша, жақында балалар үйінің директорлығына байқау жарияланады; камералар санын көбейтіліп, оларды үнемі бақылау жүргізіп отыру үшін УО-ға қосады.
«Содан кейін біз әкімдікке барып, балалар үйінің түлектерімен тұрғын үй проблемасын, тұрғын үй беру мерзімдерін, облыс енгізейін деп жатқан түлектерді қолдау бағдарламасын талқыладық.
Балалар үйіне барудан бөлек, бұған дейін маған таксиде болған қызының жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс туралы хабарласқан анамен кездестім. Дүйсенбі күні уәкілетті органдар тергеу барысын талқылайды. Содан кейін маған баласына жасалған зорлық-зомбылық туралы айтып хабарласқан тағы бір ананың үйіне бардым», - деп жазды Динара Зәкиева.