Шымкентте үйде жалғыз қалған қария құтқарылды

Дәурен Ерболат

Ол төсектен тұра алмай қалған

Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте үйде жалғыз қалған 83 жастағы қарияға көмек көрсетілді, деп хабарлады қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Төтенше жағдай департаментінің «112» құтқару қызметіне Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінде есік ашылмай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының бөлімшесі тез жеткен. Олар пәтерде егде жастағы ер адамның құлап қалғанын, есікті ашуға мүмкіндігі болмағанын анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Арнайы құрал-сайманның көмегімен құтқарушылар пәтерді ашқан. Алайда онда екінші есік болған. Оны 1938 жылғы қарттың туысы кілтімен ашты.

Еденде құлап жатқан 83 жастағы қарияға құтқарушылар көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметіне тапсырған.