Бағдарлама шарттары 15 сәуірде бекітілді
Үкімет бұған дейін жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады деп мәлімдеген еді. Тіпті, Индустрия және инфраұрылымдық даму министрлігі бағдарлама шарттарын бекітті:
Енді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын «Жасыл даму» АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға ақша бөлінуге тиіс. Экология министрі Серікқали Брекешев соңғы мәлімдемесінде 10 мамырға дейін «Жасыл даму» АҚ-дан бағдарламаны қаржыландыруға 100 миллиард теңге бөлінетінін айтты.
«Үкімет қаулысы шықты. Қазір «Жасыл дамудың» корпоративтік құжаттарын дайындап жатырмыз. Жақын арада, бұйыртса, мамырдың онына дейін бекітеміз. «Жасыл дамудан» ақша мамырдың онына дейін бөлінеді. Бағдарлама сол кезде іске қосылады», - деді Брекешев.
Айта кетейік, көліктің бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады. Яғни, 10 млн теңгеден асатын соманы өз қалтаңыздан төлеуіңіз керек. Биылғы бағдарламаға өткен жылдары өтініш берген салымшылар қатыса алады.