Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ШҚО-да бір күнде адам шығынына алып келген 2 жол-көлік оқиғасы болған. Бүгін сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.
Келесі жол-көлік оқиғасы 13:30 шамасында Өскемен – Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Бірнеше жолаушы дене жарақатын алды, – делінген хабарламада.
Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.