Түркістан облысында ер адам жасөспірімді атып өлтірді
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді.
Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.