Олимпиада жағынан үздік мектеп атану үшін республика бойынша 314 мектеп бақ сынасты
Оқу-ағарту министрлігі олимпиада бойынша еліміздегі үздік жүз мектепті анықтады.
Министрліктің хабарлауынша, 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша 100 үздік мектеп рейтингі жасалды. Алайда министрлік мектептердің тізімін жарияламады.
Олимпиада жағынан үздік мектеп атану үшін республика бойынша 314 мектеп бақ сынасты.
Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 4 мектеп, екінші орынды 9 мектеп, үшінші орынды 14 мектеп иеленді.
Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Алтын медаль 3 баллға, күміс – 2 баллға және қола – 1 баллға бағаланады.