Halyq Uni логотип
×

Өскеменде құрбыларын шешіндіріп, тепкілеген оқушы қыздар сотталып кетті

Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 9 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтелген

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2023 | 13:52
Өскеменде құрбыларын шешіндіріп, тепкілеген оқушы қыздар сотталып кетті
фото: видеодан скриншот

Өскеменде құрбысын соққыға жыққан оқушыларға сот үкімі шықты. Екі бойжеткен 3 жылға, тағы біреуі 1 жылға сотталды.

Кәмелетке толмаған қыздарға «Алдын ала сөз байласып, бұзақылық жасау», «Күш қолданып, ақша бопсалау» баптарымен айып тағылған.

Сот істің мән-жайын және күдікті тараптың жеке басын, жәбірленушілердің пікірлерін, құқыққа қайшы әрекеттердің сипатын ескере отырып, А. және Т. есімді күдіктілерге ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеу, ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Түпкілікті жаза – ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес, 3 жылға бас бостандығынан айыру. О. есімді күдіктіні 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды, - делінген ШҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жолдаған жауапта.

Судья жәбірленуші тарапқа 9 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтелгенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, наурыз айында 2 жасөспірім қыз қатарласын Өскемендегі «АДК-Ривер» сауда үйінің дәретханасында оңдырмай сабап, шешінуге дейін мәжбүрлеген еді. Тағы бір оқушы бұл сорақылықты телефонына түсіріп тұрған. Екінші күні олар таяқ жеген қызды тағы тепкілеп, видеоны интернетке саламыз деп бопсалаған. Ал жәбір көрген студент ауруханадан бір-ақ шықты. Көп ұзамай, қыздардың төбелесі әлеуметтік желіде тарап, қоғам наразылығын тудырды. Содан кейін ғана іске полиция араласқан.

Сотталушылардың бірінің анасы білім беру саласында басшылық қызметте істеген. Қызының масқара әрекетінен кейін ол өз еркімен қызметінен кетіпті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама