Halyq Uni логотип
×

Алматыда жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

200-ден аса жол учаскесінде жөндеу және құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

 Халық үні 08.07.2023 | 14:11
Алматыда жол жөндеу жұмыстары қашан аяқталады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты қала әкімдігі жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатынын хабарлады.

Қалада жолды жақсарту және жылумен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, су бұру желілерін реконструкциялау мақсатында 200-ден астам жол учаскесінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Магистраль көшелердегі жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанша, ал аудандық маңызы бар көшелердегі жұмыстар қарашаның соңына дейін аяқталады деп жоспарланған, – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ әкімдік биыл ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшені орташа жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. 

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде қозғалыс уақытша шектеледі:
 
8 шілде сағат 23:00-ден 10 шілде сағат 06:00-ге дейін күндіз және түнде Абай даңғылы бойымен Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін шығыс бағытта, Тілендиев көшесі бойымен Сәтбаев көшесінен солтүстік бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі.  

Айналма жол Өтеген батыр көшесі, Сәтбаев көшесі және Төле би даңғылы бойымен жүзеге асырылады.

9 шілдеде сағат 21:00-ден 11 шілде 06:00-ге дейін күндіз және түнде Абай даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін батыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі.  

Айналма жол Құрманғазы көшесі, Сәтбаев көшесі, Назарбаев даңғылы және Сейфуллин даңғылы бойымен жүзеге асырылады.

10 шілдеде сағат 22:00-ден 13 шілде 06:00-ге дейін күндіз және түнде әл-Фараби даңғылының бойымен Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейін шығыс бағытта қозғалыс толығымен шектеледі.  

Айналма жол Жароков, Тимирязев, Сейфуллин, Исиналиев және Восточная көшелері бойынша жүзеге асырылады.

Алматы қалалық полиция департаменті көлік кептелісі мен апаттың алдын алу мақсатында жол жүру бағытын алдын ала реттеп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама