Halyq Uni логотип
×

«Мал да жемейді»: аудан әкімдігі қауынның шіріп жатқанына пікір білдірді

Биыл 5 мың гектарға жуық қауын артық егілген

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2023 | 13:13
«Мал да жемейді»: аудан әкімдігі қауынның шіріп жатқанына пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде шаруалардың жанайқайы тарады. Онда Түркістан облысының Жетісай ауданында қауын еккен диқандар жаз бойғы еңбегінің далаға кетіп жатқанын айтады. Көбі қауындарын сата алмай, малға беруге мәжбүр болған.

Таңертең сатылымға алып шыққан қауын 2,5 сағаттың ішінде былжырап, іші ағып кетеді. Сыртын бүтін болғанмен, іші су. Оны мал да жемейді. Қазір малы бар үйлерге беріп жатыр. Жақын күндері олар да алмайды. Сол кезде амалсыз қоқысқа тастайтын болады, - деді желідегі жазба авторы Нұркен Мұсаев.

Ал Жетісай ауданы әкімдігінің мәліметінше, биыл қауын дақылы өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға жуық артық егілген. Алынған өнімнің көбі Ресей мен Беларусь мемлекетіне және Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің басқа да облыстарына сатылымға жіберілген.

Бүгінде аудан әкімдігі тарапынан бақша дақылдарын сату бойынша басқа да облыстардағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға хат жіберілген. Сұраныс болған жағдайда қажетті көлемдегі бақша дақылдары шаруалардың тікелей өздері арқылы сатылымға жіберілетін болады, - делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ әкімдік қауынды егістік алқапқа тастап жатқан видеоның Жетісай ауданының шаруаларына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама