Оның көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны белгілі болды
Павлодарда 25 жастағы келіншек ағасына хат жазып қалдырып, содан соң із-түзсіз жоғалған. Оны екі баласы мен жұбайы іздеп жатыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.
Сайт мәліметінше, кешеден бері 1998 жылы туған Әсем Тайлақова табылмай жатыр. Еріктілердің айтуынша, екі кішкентай баласы мен олардың анасының тағдырына алаңдаулы жолдасы дабыл қаққан.
Қазір жастар ажырасу сатысын өткеріп жатыр. Әйел ағасына «Кешіріңіз, мен суға батып кетемін» деген SMS жолдаған. Сол сәттен бастап Әсемді ешкім көрмеген, ол жұмысқа шықпады және үйіне оралмады, – дейді еріктілер.
Іздестіру кезінде әйелдің көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны белгілі болды. Ол облыстық балалар ауруханасына қарай бет алған.
Әсем Тайлақоваға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер, ерiктiлердiң +7 747 615 55 63 (Катерина); +7 777 334 82 01 (Светлана) нөміріне хабарласуға болады.