6 және 7-сынып оқушылары Сәтпаев арнасынан қайтып оралмаған
Кеше кәмелетке толмаған екі бала Сәтпаев атындағы су арнасына батып кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше сағат 18:00-де 112 пультіне Екібастұз қаласының әкімшілік бағынысындағы Байет ауылының 6 және 7-сынып оқушылары Сәтпаев арнасына бет алып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен. Олардың қасында ата-аналары мен басқа да ересек адам болмаған.
Балалардың киімдері жағадан табылды.
Екібастұз қаласының құтқарушылары түнде бір баланың, таңертең екіншісінің денесін тапты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынғанын ескертті.