Halyq Uni логотип
×

Екібастұз іргесіндегі су арнасынан 2 баланың мәйіті табылды

6 және 7-сынып оқушылары Сәтпаев арнасынан қайтып оралмаған

 Еркеғали Болатұлы 06.07.2023 | 16:39
Екібастұз іргесіндегі су арнасынан 2 баланың мәйіті табылды
фото: ашық дереккөз

Кеше кәмелетке толмаған екі бала Сәтпаев атындағы су арнасына батып кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Кеше сағат 18:00-де 112 пультіне Екібастұз қаласының әкімшілік бағынысындағы Байет ауылының 6 және 7-сынып оқушылары Сәтпаев арнасына бет алып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен. Олардың қасында ата-аналары мен басқа да ересек адам болмаған.

Балалардың киімдері жағадан табылды.

Екібастұз қаласының құтқарушылары түнде бір баланың, таңертең екіншісінің денесін тапты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынғанын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама