×

Президент сайлауға қатысып, дауыс берді

Бұған дейін Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған еді

 Халық үні 28.04.2022 | 13:30
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын мәжіліс депутатын сайлауға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның ХХХ сессиясы аясында мәжілістің шығып қалған депутатының орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді.

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Тоқаев алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.                                     

Бірақ біздің парламентте ҚХА-ның тиісті орындары сақталады, – деді мемлекет басшысы.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасы мәжілістен сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама