×

Түнгі клубта көз жұмған павлодарлықтың жесірі Тоқаевқа жүгінді

Қайғылы оқиға былтыр болған, бірақ бұл іске әлі нүкте қойылмады

 Данияр Айтпайұлы 28.04.2022 | 12:21
Марқұм Әлішер Советхан

Осыдан бір жыл бұрын Павлодардағы түнгі клубтардың бірінде қаза тапқан Әлішер Советханның жесірі марқұм күйеуіне қатысты тергеудің әділетсіз өтіп жатқанын айтып, ҚР президентінен көмек сұрады.

Қайғылы оқиға өткен жылдың маусым айында Павлодардағы түнгі клубтарының бірінде болған. Туыстарының отбасылық қуанышын атап өтуге барған Әлішер Советхан белгісіз жағдайда ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізіледі. Өкінішке қарай, жас жігіт ес жимастан дүниеден өтеді. Бірден қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Куәгерлер белгісіз біреулер Әлішерді соққыға жыққанын айтқан.

Қайғылы жағдайдан кейін арада бір жылға жуық уақыт өтсе де, бұл іске әлі нүкте қойылған жоқ. Марқұмның туыстары істің әдейі созбаққа салынып жатқанын айтады. Олар күдіктілердің әлі күнге дейін бостандықта жүргенін айтады. Ал куәгерлер әуелгі сөзінен тайқып кеткен. Тергеудің әділетсіз өтіп жатқанын айтқан марқұмның жұбайы Азалия Советхан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жолдады.

«Бұл іске қатысты түсініксіз жайттар көп. Басты күдікті әлі де бостандықта жүр. Ал оның кінәлі екенін көрсеткен куәгерлер алғашқы сөзінен тайқып кетті. Себебі, күдіктінің туыстары оларды қорқытып, сатып алуға тырысуда. Құқық қорғау органдары бұл істі әдейі созбаққа салып жүрген сияқты. Тіпті, олар ақыл-есі дұрыс жолдасыма қатысты екінші қабаттан секіріп кетті деген де болжам шығаруға тырысты. Мен әділ тергеу жүруін талап етемін», - дейді Азалия Советхан.

Жақында сот сарапшылары институтының талабы бойынша, туыстарының қарсылығына қарамастан Әлішердің денесі эксгумацияланған. Марқұмның жақындары «мұндай сұмдықты да бастан кешіруге мәжбүр болдық», деп налып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43