Былтыр мұндай 19 дерек тіркелген
Шығыс Қазақстан облысында ішімдік ішіп, көлік тізгіндейтін әйелдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өскен, деп хабарлады Altaynews.kz.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша (жүргізушінің көлікті алкоголь, есірткі тұтынып, мас күйде басқаруы) былтыр 6 айда барлығы 19 әйел жауапқа тартылса, биыл 6 айда көрсеткіш 37-ге өскен. Қоғамда әйелдер тәртіп пен қауіпсіздікті ерекше сақтайтын жандар ретінде қабылданса, бірақ статистикалық деректер керісінше, - деді ШҚО сотының судьясы Ирина Дорош Өскеменде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ онда 1 қыркүйектен бастап кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың құзыреті кеңейетіні де атап өтілді.