Президент елшіге бірқатар тапсырма берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында президент Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевқа екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.