ИИДМ құзыретіне жаңа мемлекеттік қызметтер қосылды

Дәурен Ерболат

Министрлік жер қойнауын зерттеуге лицензия береді

Фото: stopfake.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құзыретіне жаңа мемлекеттік қызметтер қосылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Геология, өнеркәсіпті дамыту, азаматтық авиация, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік қызметтер тізіміне төмендегі тармақтар енгізілді:

  • Шет елдерде қызметкерлердің құзыретін арттыруға арналған шығыстарға аванс төлеу;
  • Ұшқышсыз ұшу аппараттарын есепке қою;
  • Жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізуге лицензия беру;
  • Геологиялық немесе тау-кен учаскелерін (отвод) беру және қайта ресімдеу;
  • Кеден одағының аясында геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру;
  • Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысуы жөніндегі келісімшарттарды тіркеу;
  • Жекелеген санаттарға кіретін азаматтарға жеке тұрғын үй қорындағы баспананың жалға алу ақысын төлеу.

Бүгінде ИИДМ жаңа мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын тиісті нормативті құқықтық актілерді қабылдау бойынша жұмысты қолға алды. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға септесіп, мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді.