Көліктің 7 жолаушысы аудандық ауруханаға жеткізілді
Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатынан зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Самара – Шымкент автожолында Хромтау ауданы Қарлау ауылының маңында Ford Galaxy көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне аударылған.
Салонда 8 адам болған. Олардың үшеуі – кәмелетке толмағандар. Осы көліктің 7 жолаушысы – Тәжікістан Республикасының азаматтары Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартты.
Полиция тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.