×

Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдіктер зардап шекті

Көліктің 7 жолаушысы аудандық ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 05.07.2023 | 09:38
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатынан зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Самара – Шымкент автожолында Хромтау ауданы Қарлау ауылының маңында Ford Galaxy көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне аударылған.

Салонда 8 адам болған. Олардың үшеуі – кәмелетке толмағандар. Осы көліктің 7 жолаушысы – Тәжікістан Республикасының азаматтары Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартты.

Полиция тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама