Бала жабдықталмаған жерде шомылған
Каспий теңізінің жағалауында жасөспірім құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 21:40-та Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда жартасты жол пирсінің ауданында ведомствоның мобильді құтқару бекетінде кезекшілігін атқару кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты құтқарды.
Жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылған. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖД қызметкерлері азаматтарды абай болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.