Оның елсіз далада түнде жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр
Алматы – Өскемен тас жолында ер адам шетелдік көліктің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған. Lexus ES 300 автокөлігін 34 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы – Өскемен тас жолының 177-шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнде жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.