Ресейде сотталуға тиіс екі күдікті СҚО-да ұсталды

Динара Амантай

Өңірде көршілес елдердің сұрауы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 20 адам анықталды

Фото: Halyq Uni

СҚО-да жыл басынан бері Ресейде сотталуға тиіс болған екі күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, көрші елдердің полицейлері шекаралас және мемлекетаралық ынтымақтастық аясында тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Жыл басынан бері солтүстікқзақстандық полиция қызметкерлері көршілес елдердің сұрауы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 20 адамды анықтады.

Кезекті жүргізілген жұмыстардың бірінде Армения аумағында алаяқтық жасауға қатысы бар күдікті анықталды. Айта кету қажет, алаяқтық деректері ұрлық, жол-көлік оқиғаларымен бірге көрші елдердің сақшылары жіберетін сұрауларға жиі негіз болады.

Бұдан бөлек, күзетпен қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы таңдалған тағы 2 адам ұсталды. Олардың біреуі Өзбекстанға экстрадицияланды. Ол қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған. Екінші адамды сот үкімі күтіп тұр, ол Ресей Федерациясының Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілген. Сондай-ақ ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде Ханты-Мансийск автономды округінің және Санкт-Петербург қаласының аумағында 59 және 49 жастағы СҚО тұрғындары ұсталды. Біріншісін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Мағжан Жұмабаев ауданының полицейлері, екіншісін ауыр ұрлық жасағаны үшін Петропавл полицейлері іздестірді.

Мемлекеттердің ішкі істер органдарының тығыз қарым-қатынасы полиция жұмысының тиімділігін арттырады және жасалған қылмыстар үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыруға ықпал етеді», – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.