Сатып алған киімді жуып кию керек
ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Комитет мәліметінше, адамдар дүкеннен киім сатып алмас бұрын оның өлшемі мен түсіне сәйкес келмейтініне күмәнданып, оны киіп көреді. Алайда олар бұл киімді бұған дейін көптеген адамның кигенін ескермейді.
Мамандар бұған да мән беру керек деген пікірде.
Дүкенде киімдерді киіп көру арқылы адамдар саңырауқұлақ, дерматомикоз және қышыма ауруларын жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ бояғыштарға немесе химиялық заттарға аллергиялық реакциялар пайда болуы ықтимал, - деп жазылған хабарламада.
Мұндай жағдай болмас үшін мына шарттарды ескеру қажет: