Halyq Uni логотип
×

Дүкенде киім киіп көрген адам ауру жұқтыруы мүмкін – ДСМ

Сатып алған киімді жуып кию керек

 Дәурен Ерболат 01.07.2023 | 17:58
Дүкенде киім киіп көрген адам ауру жұқтыруы мүмкін – ДСМ
Фото: burobiz.ru

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Комитет мәліметінше, адамдар дүкеннен киім сатып алмас бұрын оның өлшемі мен түсіне сәйкес келмейтініне күмәнданып, оны киіп көреді. Алайда олар бұл киімді бұған дейін көптеген адамның кигенін ескермейді.

Мамандар бұған да мән беру керек деген пікірде.

Дүкенде киімдерді киіп көру арқылы адамдар саңырауқұлақ, дерматомикоз және қышыма ауруларын жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ бояғыштарға немесе химиялық заттарға аллергиялық реакциялар пайда болуы ықтимал, - деп жазылған хабарламада.

Мұндай жағдай болмас үшін мына шарттарды ескеру қажет:

  • Дүкендерді аралап келгеннен кейін жуыну;
  • Дүкендерді аралағанда киген киіміңізді жуу;
  • Сатып алған жаңа киіміңізді киер алдында жуу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама