Halyq Uni логотип
×

Теміртаулық зейнеткер банк картасындағы 6,1 млн теңгесінен айрылып қалды

Күдікті зейнеткердің танысы болып шықты

 Еркеғали Болатұлы 01.07.2023 | 13:13
Теміртаулық зейнеткер банк картасындағы 6,1 млн теңгесінен айрылып қалды
фото: Владимир Третьяков

Теміртауда зейнеткерге көмектесіп жүрген танысы оның банк картасынан 6 миллион теңгеден аса ақша шешіп алған. Күдікті деп танылған 24 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ІІМ Telegram-арнасы.

Ведомство мәліметінше, полицияға 82 жастағы зейнеткер белгісіз біреудің ақпараттық технологияның көмегімен банк қосымшасы арқылы есепшотынан 6 млн 175 мың теңге шешіп алғанын хабарлаған. Ақшаны біреудің алғанын зейнеткер банктен есепшотында ақша қалмағаны туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген.

Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады, - деді ІІМ өкілдері.

Полиция дерегінше, күдікті зейнеткердің танысы болып шықты. Ол жәбірленушіге үнемі көмектесіп, дүкенге барып, азық-түлік алған уақытта зейнеткердің банк картасы арқылы төлемақы жасаған. Сондай-ақ жәбірленушінің есепшотындағы ақшаны басқа шотқа бірнеше рет аударып, кейін оны шешіп алғандығын мойындаған.

Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама