Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Көлікті 73 жастағы ер адам басқарған

 Динара Амантай 01.07.2023 | 12:57
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Сарқан ауданында қайғылы оқиғаға Volkswagen Polo автокөлігі себепші болған. Көлікті 73 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы – Өскемен тасжолының 462-шақырымында көліктің аударылып кетуіне жол берген. Шетелдік көлікте болған 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екінші жолаушы қарт жүргізушімен бірге Сарқан аудандық ауруханасына жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама